Атырау, 27 қараша 20:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Атырау» Кубоктың бірінші жартылай финалдық кездесуінде ұтылып қалды, бірақ үміт бар

925 просмотра

28 маусымда Қостанайда футболдан Қазақстан кубогының 1/2 финалының алғашқы ойыны өтті – жергілікті «Тобыл» «Атырауды» қабылдады. 

Матч алаң иелерінің басымдылығымен өтті, бірақ қауіпті сәттер көп болмады. 78-минутта қонақтардың айып алаңына өткен пастан кейін африкалық Кот-д'Ивуар елінен келген «Тобыл» легионері Серж ДЕБЛЕ гол соқты, бірақ гол офсайд айқын көрінгендіктен есептелмеді.

Ал «нағыз» голды алаң иелері бес минуттан кейін соқты: Милян ВУКАДИНОВИЧ қақпа бойымен доп беріп, жүгіріп келген «Тобылдың» босниялық легионері Асмир СУЛЬИЧ үш атыраулық ойыншының енжарлығын пайдаланып, допты жайбарақат қана біздің қақпашы Иван КОНОВАЛОВҚА қарай қақпаға тепті. Матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ал қатар өткен жартылай финалдық ойында «Астана» өз алаңында «Ордабасы» командасын дәл осындай 1:0 есебімен жеңді.

Қарымта ойын 8 шілдеде «Мұнайшы» стадионында өтеді. «Атыраудың» Кубок финалына шығу мүмкіндігін 50х50 деп бағалар едім.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 маусым 2023, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.