Атырау, 30 қыркүйек 16:26
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда 16 саябақ салынады (мекенжайлар)

1 457 просмотра

Барлық 16 демалыс орнын салуға бюджеттен 3 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланып отыр.

«АЖ»-ға Атырау қаласы әкімдігінде хабарланғандай, «Жезқазған жоба» ЖШС саябақтарды салуға ЖСҚ әзірлеуді жүзеге асырды. ЖСҚ құны 24,7 млн теңгеге шыққан. Қазір екі саябақтың жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Олар биыл ашылады деп жоспарлануда. Бұл, атап айтқанда, Балықшы ықшамауданындағы «Аққу» дүкенінің жанында (А. Құнанбаев көшесі, 26а үйдің қасында). Ал қалғаны келесі жылдың ішінде ашылмақ.

Жобаларда саябақтардың аумағын абаттандыруды, шағын сәулет пішіндерін, орындықтар, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру, суару жүйелерін, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын орнату қарастырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны (сараптамаға дейін) 2 млрд 796 млн теңгені құрайды.

Лев ГУЗИКОВ

Эскизді (А. Құнанбаев көшесінің бойында, 26а үйдің жанындағы саябақ) Атырау қаласы әкімдігі ұсынды

Мекенжайлары:

1. Авангард-4 ы/а, №6 үйдің жанында;

2. Азаттық даңғылы, № 126;

3. Алмагүл ы/а, Исмагулов көшесі,  №17 үйдің қасында;

4. А.Құнанбаев көшесі, №26а үйдің қасында;

5. А.Құнанбаев көшесі, №28 үйдің қасында;

6. Ж.Молдағалиев көшесі, №28, 30, 32 үйлердің қасында;

7. Ж.Молдағалиев көшесі, №29 үйдің қасында;

8. Авангард-4 ы/а, №1 үйдің жанында;

9. Авангард-4 ы/а, №7 және №3/1 үйлердің жанында;

10. Азаттық даңғылы, № 118;

11. Алмагүл ы/а, Бейбарыс даңғылы бойында, №17 үйдің жанында;

12. Алмагүл ы/а, Бейбарыс даңғылы бойында, №19 үйдің жанында;

13. Бейбарыс даңғылының Алмагүл ы/а Амандосов көшесімен қиылысында;

14. Нұрсая ы/а, 11-көше көшесінің Ғабдиев көшесімен қиылысында;

15. С.Датов көшесі, №23;

16. Сарықамыс ы/а, Бөкен би мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында.

28 маусым 2023, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.