Атырау, 27 қараша 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Еңбек терапиясы ұйымдастырылды

Сурет
1 118 просмотра

Атырауда психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге қызмет көрсететін №1 орталықта қоян және құс өсіруге арналған қосалқы шаруашылықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еңбек терапиясын ұйымдастыру.

- №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 300-ге жуық қызмет алушы бар. Оларды үй жағдайына бейімдеп, сегіз бағытта әлеуметтік қызмет көрсетеміз. Соның бірі - еңбек терапиясы, - деді орталық басшысы Гүлнәр ЗИНЕДЕНОВА. - Демеушілік танытқаны үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ ЖҰБАНОВҚА және өңірдегі жомарт жандарға алғыс білдіреміз.

Оның айтуынша, шаруашылықты науқастармен бірге жүргізу үшін арнайы еңбек нұсқаушылары тағайындалған. Осыған дейін олардың көмегімен орталықтың бау-бақшасы жеміс беріп, аула іші жасыл желекке оранған. Алдағы уақытта жылыжай салу жоспарға алынып отыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

28 маусым 2023, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.