Жаңартылған ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшері көбейеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Гүлшат ЖҰМАҒАЛИЕВА мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның айтуынша, әлеуметтік салада оң өзгерістер бар. Мәселен, I топтағы мүгедектігі бар жандар осы жылдың 1 қаңтарында 77 889 тг жәрдемақы алса, 1 шілдеден бастап сома 248 теңгеге өседі. II топ үшін жәрдемақы мөлшері 71 398 теңгеге, үшінші топ үшін 48 681 теңге, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін 65 313 теңгеге өседі.
- Асыраушысынан айырылған балаларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де көбейеді. Шілде айынан бастап бір балаға 37 322 теңге төленсе, екі балаға 68 964 теңге, үш балаға 91 276 теңге жәрдемақы беріледі, - деді Г. Жұмағалиева.
Сонымен қатар, «Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегері болған көпбалалы аналар бұған дейін 22 080 теңге алып келсе, 1 шілдеден бастап бұл сома 25 530 теңге болады.
Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекске сәйкес, жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға жерлеу үшін біржолғы төлем 120 750 теңге мөлшерінде бекітілген.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА