Атырау, 27 қараша 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Теңіздің тізеден келуі» қуантпайды

1 229 просмотра

Биыл теңіз деңгейі түсіп кеткендіктен Жайықтың құяр сағасы да тайызданып барады. Бұл өзенге балықтың жаппай кіруіне кедергі болып отыр. Қазір теңізде кәсіпшілік балық аулауға Атырау облысы бойынша 25 мамырдан 31 тамызға дейін тыйым салынған. Бұл балықтың уылдырық шашатын кезеңі.

«Жайық-Каспий» бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек ГАЙСИННІҢ айтуынша, жақында өлшеген кезде теңіз суы кей жерлерде тізеден төмен деңгейге жеткен. Былтыр да сондай тереңдікті көрсеткен. Н.Гайсиннің сөзінше, былтыр күзде балық кәсіпшіліктерінің су кемелері теңізге шыға алмаған және өзенге кіре алмаған. Биыл көктемгі балық аулау маусымында да шыға алмаған. Шекара қызметкерлері де теңізге шыға алмай тұр. Балық қорғау инспекциясы басшысы бұл проблема 2021 жылдан бері бар екенін, бірақ биыл қатты білініп отырғанын айтады:

- Биыл Жайыққа су көп келгендіктен теңіз бен екі ортада су кішкене бар. Бірақ, теңіз тарылып бара жатыр. Егер биыл түбі тереңдетіліп қазылмаса, өзенде қыста балық болмай қалуы мүмкін.

Айнұр САПАРОВА

Арман Хайруллиннің әлеуметтік желісіндегі парақшадан алынған бейнежазба скрині

27 маусым 2023, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.