Атырау, 9 қараша 18:50
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Алдымен дөңгелек үстел өтеді

1 712 просмотра

Тарифтер мен зейнеткерлік жастың өсуіне қарсы  митинг Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен?»)ұйымдастыру аясында белгіленген «Тиімді әріптестік пен басқару арқылы тарифтердің өсуін тежеу» тақырыбында дөңгелек үстел 19 сәуірде «Атырау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ-нің конференц-залында өтеді.

Бұрынғы «Алтын балық» балабақшасының Махамбет көшесі, 118 «б» ғимаратында («Дария» дүкенінің артында) орналасқан Кәсіпкерлер одағы сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өз залын беріп отыр. Ұйымдастырушылардың бірі Макс БОҚАЕВ облыстық және қалалық әкімдерге, ТМРАД, АЖЭО, «Атамекен» ҚҰЭП филиалына, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағына  шақыру қағаздарын беріп, шағын және орта бизнес өкілдеріне хабарлама жіберді.

- Дөңгелек үстелге (сол сияқты, митингіге де) барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Осындай кездесулер - әлеуметтік мәселелерді шешудің өркениетті тәсілдері, - дейді Боқаев. – Дөңгелек үстелдің мақсаты – халықтың, соның ішінде ШОБ пен мемлекет және табиғи монополияның арасындағы өзара әріптестік механизмін жасау. Осы мәселелерге қатысты сауалдар туындаған жағдайда, маған телефон арқылы қоюларына болады (8705) 441 32 38.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 сәуір 2013, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.