20 мамыр күні сағат 22:30 шамасында Жайық өзенін патрульдеу кезінде орталық көпірден белгісіз ер адамның секіріп кеткені жөнінде полицияға хабарлама түскен.
Подполковник Абу Нұрлан, капитаны Ришат Беркалиев, аға лейтенанты Батырбек Камалов, лейтенант Зауырбек Шайхатов және көлік инспекциясының қызметкері Батырбек Жиреншин дереу оқиға орнына жетті. Қараңғыда секірген ер адамды іздеу қиындық туғызды. Бірақ полицейлердің жолы болып, оны қайыққа мінгізіп құтқарып алды. Оның 2006 ж.т. жасөспірім екені белгілі болды. Жедел-тергеу тобы тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ