Атырау, 27 қараша 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ескі қаланың тағдырын сарапшылар шешеді

1 370 просмотра

Тарихи-мәдени сараптама жүргізу тендерін алматылық компания жеңіп алды.

Атырау облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы хабарлағандай, сараптама жасауға бюджеттен 2,4 млн теңге бөлінген. Тендер сәуір айында өтіп, оны алматылық «Күмбез» мамандандырылған жобалау-жаңғырту фирмасы» ЖШС жеңіп алды.

Зерттелетін 48 нысан бар. Олардың басым бөлігі облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан. Мысалы, бұл Қызылқоға ауданындағы Өтей батырдың XVIII ғасырға жататын бейіті, 1995 жылы мазары салынған Мәтен қожа қорымы, Жылыой ауданындағы Құлшан ата қорымы (XVIII – XIX ғғ.), т.б.

Атырау қаласында Бірінші учаскедегі бұрынғы АХАЖ ғимараты, 1927 жылы салынған бірінші теміржол вокзалы (суретте), Жеңіс саябағындағы Естелік қабырғасы, Иманғали мешіті және жақында ашылған Абай Құнанбаевқа, Салық Зимановқа, Хиуаз Доспановаға, үш биге... арналған бірқатар ескерткіш сараптама бағасын алады.

Сондай-ақ қаланың ескі бөлігінде орналасқан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған 25 көпес үйі де сараптамадан өтеді.

«Оң қорытынды алған нысандар бойынша жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік тізімuе енгізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - делінген Орталықтың «АЖ» сауалына берген жауабында. Сараптама нәтижесі бір айдан кейін белгілі болады.

Еске салсақ, ескерткіштің қорғау мәртебесі ескі үйлерді бұзудан сақтайды, бұл олардың өмірін біршама ұзартады, өйткені қалпына келтірмесе, олар бәрібір қирап қалады.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген автор

16 мамыр 2023, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.