Атырау, 23 қараша 04:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жапонияда жер сілкінісі болды - зардап шеккендер бар

8 479 просмотра
 
Жапониялық Хонсю аралының оңтүстік-батысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы РБК хабарлап отыр.

Жер асты дүмпулері бүгін жергілікті уақыт бойынша 5:30-да орын алған.

Жер сілкінісінің ошағы Сумото қаласынан солтүстік-батыста 9 шақырымда, Фукура қаласынан оңтүстік-шығыста 20 шақырымда орналасқан. Жер асты дүмпулері Ішкі Жапон теңізіндегі Авадзи аралының маңында 14 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жер сілкінісі салдарынан Хего, Осака, Фукуи, Токусима префектураларында 19 адам зардап шекті. Олардың барлығы егде жастағы адамдар.

Жапон үкіметіне жанынан дағдарыс штабы құрылған. Билік өкілдері ғимараттардың бүліну деңгейін анықтап, зардап шеккендерге қол ұшын созуды тапсырды.

«Әзірге елеулі зақым туралы мәлімет түскен жоқ. Атомдық станциялар зардап шекпеген», - деп мәлімдеді жапондық үкіметтің бас хатшысы.

 Айта кеткен абзал, Жапонияның аталмыш аймағында 2011 жылы наурызда 9 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. Оның салдарынан елдің жағалауына цунами тап беріп, 20 мыңға жуық адам зардап шекті. Табиғи апат салдарынан «Фукусима-1» атомдық электр стансасында бірнеше жарылыс орын алып, радиация ауаға таралып кеткен болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 сәуір 2013, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.