Атырау, 23 қараша 16:02
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Қорғас ісі" бойынша басты сот Алматы қаласындағы СИ-18 тергеу изоляторында ашық режимде өтеді

2 621 просмотра

«Қорғас ісі» бойынша басты сот талқылауы Алматы қаласындағы СИ-18 тергеу изоляторының әкімшілік ғимаратында өтеді деп хабарлайды Қазақстанның жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

««Қорғас ісі» бойынша басты сот талқылауы Алматы қаласындағы СИ-18 тергеу изоляторының әкімшілік ғимаратында өтеді. Процеске қатысушыларды (45 сотталушыны, 94 адвокатты, 600 куәні) орналастыратын орын Алматы қаласының бірде бір сотында болмағандықтын осы үй-жай таңдалып алынды.Процеске қатысушыларды (45 сотталушыны, 94 адвокатты, 600 куәні) орналастыратын орын Алматы қаласының бірде бір сотында болмағандықтын осы үй-жай таңдалып алынды»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта мұнда жан-жақтылы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мекеменің мәжілістер залы сот отырысы залы ретінде қайтадан жабдықталды. Процеске қатысушылардың бәрі: судьялар, хатшылар, мемлекеттік айыптаушылар, адвокаттар, куәлер үшін осы залда орындар қарастырылған. Бөлек үй-жай - сотталушыларға арналған орын да белгіленді. Қамауға алынған айыпталушылар мен оларды қадағалайтын айдауыл қызметі осы жерде болады. 1,5 мың томнан асатын қылмыстық істі сақтау үшін арнайы бөлме әзірленді. Бұл бөлме күзетіледі әрі онда сигнализация орнатылған. Заттай дәлелдемелер үшін де осындай бөлме жабдықталды.

«Процесс ашық режимде өтеді, ал СИ-18 әкімшілік ғимаратына еркін кіріп-шығуға болады. БАҚ өкілдері үшін дыбыс және бейнетрансляция жүйесімен, сондай-ақ интернетке қосылған компьютерлермен жабдықталған арнайы зал дайындалды. Журналистерді тіркеу рәсімі де қарастырылған»,-деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

12 сәуір 2013, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.