Атырау, 1 қазан 22:24
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Камера мектептегі қауіпсіздікті сақтай ала ма?

1 002 просмотра
Сурет: baq.kz

Баланы мектепке жіберу қазір қауіпсіз бе? Ақмола өңірінің білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаншалықты жағдай жасалған? Ата-аналар қауымын алаңдатып отырған мәселеге қатысты сала мамандарының пікірін тыңдап көрдік, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ.

Көкше жұртшылығының алғашқы дүрлігуі оқу жылының күзгі демалысы алдында облыс орталығының бірнеше мектебіне жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен кезде басталды. Әйтеуір ақпарат жалған болып шықты. Балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау мектептердің қауіпті жағдайларға қаншалықты дайын екенін көрсетті.

Көрші облыста жоғары сынып оқушыларының бірі мектепке балта алып кіріп, үш оқушыны жарақаттаған оқиға жұртшылықты тағы дүр сілкіндірді.

Облыста 832 білім беру нысаны тіркелген. Оның ішінде 542 жалпы білім беретін мектеп, 258 балабақша, 32 колледж жұмыс істейді. 2020 жылдан бастап олардың барлығы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Қазір камералар санын көбейту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде, - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоның іс-әрекеттері терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі және нысанның оқушылары мен қызметкерлерінің санына байланысты болады. Егер балалар мен қызметкерлердің жалпы саны 300 адамнан аз болса, олар хабарлау және бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылады. Бір мезгілде 700 адамға дейін болатын білім беру ұйымдары күзет қызметі субъектілерін кезекші бөлімдерге не орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл түймелерімен, бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылады. Өңірде 272 ірі нысан тіркелген. Онда ғимаратқа кіру қосымша турникетпен жабдықталады. Алайда жұртшылық арасында турникеттер төтенше жағдайда балаларды эвакуациялау кезінде кедергі бола ма деген сұрақ жиі туындайды.

Әрбір білім беру ұйымында негізгі ұйымнан басқа қосалқы шығу жолдары қарастырылған. Төтенше жағдайда балалар мен қызметкерлер ағынының қалай бөлінетінін нақты көрсететін эвакуациялық жоспарлар бар. Осылайша, негізгі кіреберістегі жүктеме азаяды. Турникеттерге келетін болсақ, мұндай жағдайларда өткізу механизмі толығымен ашылады және еш кедергі болмайды, – деп түсіндірді Валерий Георгиевич.

Құқық бұзушылар үшін тағы бір кедергі - күзет болуы керек.

Мектепте оқушыларды вахтерлар қарсы алатын күндер артта қалды. Қазір балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік Ішкі істер министрлігі бекіткен лицензия бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған күзет ұйымдарына жүктелген. Мектеп күзетшілеріне қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алу сипаттамаларында көрсетілген. Егер күзетші талаптарға сай келмесе немесе өз міндеттерін адал орындамаса, мектеп келісімартты бұзуға құқылы, – деп нақтылады басқарма басшысының орынбасары.

Оқушылар күтпеген төтенше жағдайларға дайын болу үшін қауіпсіздік ережелері «Әлем тану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша үйретіледі. Облыс мектептерінде 1-11 сынып оқушыларына арналған нұсқаулықтар әзірленді, онда төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі жазылған.

Білім беру ұйымдарында қолайлы орта қалыптастыру бойынша жұмыс істеу, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтау және оларға жедел көмек көрсету маңызды. Өңірде барлық мектептер мен колледждерде психологиялық қызмет орталықтары жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдерге 413 педагог-психолог көмек көрсетеді, – деп атап өтті Валерий Гамазов.

Көкшетау қаласы ПД ювеналды полициясының аға инспекторы Антонина Высочинаның айтуынша, ведомство мектептерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жасөспірімдермен және ата-аналармен үнемі жұмыс жүргізеді.

ҚР Конституциясына сәйкес балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың құқығы мен міндеті болып табылады. Олар ең алдымен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, оқытуға және материалдық қамту шарттарына жауап береді. Өкінішке орай, барлық ата-аналар жауапкершілікке дайын емес. Өңірде 600-ге жуық жұмыс істемейтін отбасы ювеналды полицияның бақылауында. Тиімді профилактикалық жұмыс үшін сала мамандары біріктіріледі, полиция тартылады, – деп түсіндірді Антонина Сергеевна.

Өңірде алдын алу шараларына қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың саны өсуде. Егер 2021 жылы 72 факті анықталса, 2022 жылы – 80-ге артқан. Олардың басым бөлігін колледж студенттері жасайды. Ювеналды полиция өкілі балалар қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап, ал әкімшілік жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылатынын еске салды. Барлық жағдайлар комиссияда қаралады. Қасақана құқық бұзушыларды Тараз қаласындағы ерекше тәрбие жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған мектепке жіберілуі мүмкін

Мұндай жағдайларда да тәуекел тобындағы балаларды әлеуметтендіру, әсіресе буллингтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс қажет.

Буллинг – психологиялық қысым, ол баланы суицидке де әкелуі мүмкін. Әзірге барлық туындаған қақтығыстар жергілікті жерлерде шешілуде, қорқыту фактілері ресми түрде тіркелген жоқ. Айтпақшы, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу өз жемісін береді: 2021 жылмен салыстырғанда аймақтағы әрекеттер саны 25-тен 19-ға дейін, сондай-ақ аяқталған суицидтік жағдайлар саны 8-ден 4-ке дейін төмендеді, – деп нақтылады Антонина Высочина.

Білім басқармасы қорқытудың алдын алу, бала мен отбасы, арасында оқушы мен педагог, қатарластыры арасындағы жанжалды жағдайларды шешу үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотпен бірлесіп, мектеп медиациясы қызметтерінің жүйесін ұйымдастыру бойынша жоба әзірледі.

Мұндай қызметтер облыстың 385 мектебінде жұмыс істейді. Мектептегі татуласу қызметі медиативтік бағдарламаларды жүргізуге ғана емес, сонымен қатар мектепте жайлы және қауіпсіз орта құруға, жанжалды ауыртпалықсыз шешуде буллингке қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған, - деп атап өтті В.Гамазов.

Сондай-ақ әрбір орта білім беру ұйымында алдын алу кеңестері балалармен жеке әлеуметтік-педагогикалық жұмысты, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналарын психологиялық сүйемелдеуді үйлестіреді. Тәжірибелі мұғалімдер, аймақтық инспекторлар, қамқоршылық кеңес мүшелерімен тәлімгерлік практика қолға алынған.

Соңғы уақытта балаларға білім беру мекемелерінде қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Наурыз айының басында Білім министрлігі «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» түзетулер әзірледі. Қабылданған шаралардың қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді.

7 сәуір 2023, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.