Атырау, 16 маусым 18:18
 дождьВ Атырау +32.9
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Кәсіпкерге сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды

818 рет қаралды

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің  669-бабының 1-бөлігімен дара кәсіпкер А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен дара кәсіпкерден мемлекет пайдасына 1 380 000 теңге мемлекеттік грант және 41 400 теңге мемлекеттік баж алымы өндірілген.

Сот орындаушының 2023 жылғы қарашадағы қаулысымен дара кәсіпкер А.-ға қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалған.  
Алайда, дара кәсіпкер ұзақ уақыт бойы сот шешімін орындамаған.

Сот отырысында дара кәсіпкер А. кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен дара кәсіпкер А. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 77 532 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

1 қазан 2024, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.