Атырау, 22 қараша 19:48
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

ҚазМұнайГаз бен IATA ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

548 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Еуропадағы өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцманмен кездесті. Талқыланған мәселелер қатарында авиаотынмен қамтамасыз ету және декарбонизация саласындағы ынтымақтастық мәселелері бар, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының айналымдағы барлық авиаотын түрін сақтай отырып, ТС-1/РТ отын түрінен Jet A-1 отынына өту мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚМГ басшысы Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты 2020 жылдан бастап Jet A-1 маркасын шығаруға дайын екенін атап өтті. Оған қоса, Jet A-1 авиаотынын айналымға енгізу үшін елдегі әуежайлардан бастап мұнай базалары мен тасымалды қоса алғанда авиаотынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымының толық дайындығы керек.      

Келіссөз барысында Қазақстан қосылған Халықаралық авиация үшін көмірқышқыл газы шығарындыларын өтеу және азайту (CORSIA) мәселесі де талқыланды. А.Хасенов ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлімдеп, көміртегі шығарындыларын азайту мен өтеудің барлық мүмкін схемаларын талқылауға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігі талқыланды. ҚМГ нарыққа талдау жүргізгені және авиатасымал саласының болашағы SAF отынын қолданумен тікелей байланысты деп есептейтіні атап өтілді.

Ақпарат үшін:

IATA (International Air Transport Association) — бүкіл әлем бойынша авиакомпаниялардың мүддесін қорғайтын халықаралық әуе көлігі қауымдастығы. Ол авиациядағы қауіпсіздік, тиімділік және тұрақты дамудың жаһандық стандарттарын айқындайды. Қазақстанда IATA ҚазМұнайГазбен авиацияны отынмен қамтамасыз ету саласында халықаралық стандарттарды енгізу.

1 қазан, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.