Атырау, 10 қаңтар 22:26
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Ұстаздар күні мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? – министрлік жауап берді

471 просмотра
Фото: freepik.com

Сенбі, 5 қазан күні Қазақстанда Ұстаздар мерекесі тойланады. Қазір ата-ана мен оқушылар «мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?» деген сұрақтың жауабын көп іздейтін болған, өйткені, мемлекеттік қызметші мен әкімдікке қарасты мекеме жұмысшыларына сыйлық беру - пара беруге тең болып кетуі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұстаздар күні расында ерекше күн, бұл күн педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл дата бізді тәрбиелеп, оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру - біздің мұғалімдерімізге деген алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы  сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі», - деп жазды оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі. 

Оның айтуынша, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні де министр Ғани Бейсембаев мұғалімдерге гүл беруге қарсы еместігін айтқан еді. 

1 қазан 2024, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.