Атырау, 3 қыркүйек 19:21
 дождьВ Атырау +29.2
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Атырауда ауласына қарасора еккен зейнеткер ұсталды

1 364 рет қаралды

Атырау облысында полиция облыс прокуратурасымен бірге «Қарасора» жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ауласына 47 түп қарасора өсірген күдіктіні ұстады. 64 жастағы күдікті  тұрғылықты тұратын үйінің ауласының қоршауын көрінбейтіндей етіп жабдықтаған. 

Тінту жүргізу кезінде ауладан тәртіп сақшылары 8 келі 800 гр. болатын 47 қарасора бұтасын тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. Айта кетейік, Атырауда «Қарасора – 2024»  арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 58 есірткі қылмысының жолын кескен.

1 қазан 2024, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.