Атыраудағы ең әдемі ғимараттардың бірі соңғы жиырма жылда алғаш рет миллиондаған сомаға күрделі жөндеуден өтеді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Мәдениет сарайына жалпы құрылыс жұмыстары жүргізілмек, атап айтқанда, жылу, желдету, су, кәріз жүйелері, сондай-ақ технологиялық жабдықтар жөнделеді. 449,7 млн теңгеге тендер жеңімпазы болып «Азамат Құрылыс» ЖШС танылды.
Айта кету керек, бұл ғимарат (1945-1948 жылдар аралығында салынған) 1982 жылдан бастап ресми түрде сәулет және қала құрылысы ескерткіші болып саналады, бірақ мердігер компанияның мұндай мәртебедегі нысанда жұмыс істеуге арнайы лицензиясы жоқ.
«Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасында ескерткішке ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоқ, мұны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы растайды. Осылайша, рұқсат құжаттарының қажеті жоқ», - деп сендіреді әкімдіктегілер.
Мәдениет сарайының қызметкерлері жөндеу жұмыстары әлі басталмағанымен, мүліктерін жинап жатыр, ол сегіз айға созылады. Жөндеу кезінде ғимарат толығымен жабылады. Соңғы рет Мәдениет сарайында күрделі жөндеу 2001-2002 жылдары жүргізілген.
Лев ГУЗИКОВ
Әлеуметтік желіден алынған сурет