Балық аулау ережесіне өзгерістер енгізілгеннен кейін тағы бір сауал туындады: әуесқой балықшыларға қайықты пайдалануға бола ма?
Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег ТУШКАНОВ " Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" ҚР Заңының 39-бабы 5-бабының 4-тармағына сәйкес, кеме кітабында тiркелмеген және тiркеу нөмiрi көрсетiлмеген жүзу құралдарымен балық аулауға тыйым салынады деп жауап берді. Қайықты egov.kz порталы арқылы тіркеу керек. Қайықтың тіркеу борттық нөмірінде өңір атауы бойынша үш әріп тіркесімі ATR... және төрт сан болады.
Өз кезегінде Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Жомарт ҚҰСПАНОВ ҚР «Ішкі су көлігі туралы» Заңына сәйкес, ұзындығы 20 метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны 12 адамнан аспайтын кеме шағын көлемді кеме болып саналады. Бұл ретте салмағы 200 кг-ға дейінгі және қозғалтқыш қуаты (орнатылған болса) қоса алғанда 8 киловаттқа (10,8 ат күші) дейінгі шағын қайықтар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Орталық көпірден Жайық сағасына дейінгі кеме жолының ұзындығы 56 шақырым.
Осылайша, қайықта балық аулауға болатыны белгілі болды, бірақ оның салмағы 200 кг-нан асса, ал қозғалтқыш қуаты 8 киловаттан асса, оны тіркеу керек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ