Атырау, 17 желтоқсан 05:51
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Ақша айырбастау орындарында доллар 503 – 510 теңгеден саудаланып жатыр

480 рет қаралды
Фото: freepik.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,62 теңге. Еуро — 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,5 теңге. Еуро 528 — 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60 - 4,75 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге қымбаттап, 500,42 теңге болған.

28 қараша 2024, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.