Атырау, 28 қараша 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қарақияда прокурордың актісі бойынша «Су тұщыту» зауытының құрылысы басталды

85 просмотра
Фото: inAktau.kz

Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға, яғни «Алека» ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауыз су өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 га жер учаскесі берілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда, «Су тұщыту» зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін, ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС ауыз сумен қамтамасыз етіп келген.

Жыл сайын жаз мезгілінде ауыз судың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырған.

Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.