Қаладағы мейрамханалардың бірінде алғашқы рет бурлеск байқау-думаны өтті. Оған18-ден 40 жасқа дейінгі әйелдер қатысты. Бәрі де - әуесқойлар.
Бурлеск деген не екенін Мәскеуден келген қонақ Валерия МАЛИНОВСКАЯ (суретте) түсіндірді, айта кетсек, елінде оның ұйымдастыруымен өтетін «Пудра» атты өз думаны бар екен.
Құс қауырсыны бар назды қалпақ, ашық макияж, желбіреуіктер, жұқа қолғаптар, ботфорт киген менің әңгімелесушім тақырып бейнесіне кіріп алған және менімен сөйлескенде де осы образын тастар емес.
- Сіз қоқыс шығарғанда да осындай ойнақы боласыз ба? – дегенсауалыма ол жіңішке қастары сәл жоғары көтеріліп, сәл абдырап қалғанын аңғартты.
- Эээ... Жжоқ... – деп аздан кейін, бойын жинап алды. – Мен әрқашан әртүрлі боламын. Алайда мен қоқысты әдемі халат киіп шығарамын. Басымда мыжырайған қапшық болмайды. Ал таңертең шалбармен жүгіремін, тек қарапайым емес, жібектен жасалған... Әйел кез келген жағдайда әйел болып қалуы керек.
- Бурлескке оралайық. Біздің Атырау халқының көпшілігі өнегелі де қарапайым болып келеді. Ал бурлесті, негізінен, аздап театр элементтері болса да, стриптиз деп атауға болады... Бізде бұл жалғасын табады деп ойлайсыз ба?
- Табады деп ойлаймын! Нағыз бурлеск – бұл ерекшелік, наздылық, әртістік, акробатика, әндер, билер, театр. Бишілердің қойылымында түрлі қылықтар, театрлық пародиялар, әзіл сұхбаттар немесе қуақы астары бар монологтар болады... Мен Атырауда бірінші рет болып тұрмын, алайда мұндай қойылымдар біреулерді тыжырындырады деп ойламаймын. Бурлеск - бұл ойын. Егер әйеліңіздің көзінде ойнақы ұшқындар болса, несі жаман? Біздер сол үшін әйелміз. Айтпақшы, сосын мұнда ешкім тыр жалаңаш шешінбейді.
... Зал бірте-бірте тола бастады. Көбіне қызық көруші қыз-келіншектер. Бізге байқауға қатысушылардың грим жасайтын бөлмесіне кірудің сәті түсті. Жай ғана суретке түсірдік (мүмкіндікке байланысты). Думан, күткеніміздей, ашық билерден басталды, бірақ жалаңаштанбады. Қатысушыларымыздың орындауларынан театрлық әрекеттерді көре алмадым: қыздар залда отырған азғантай еркектерге аяқтарын созып, еліктіріп, құштарлықтарын оятуға тырысып бақты, ал мақсаттары орындалғанын көргеннен кейін, тәкаппарлықпен кері айналып кете берді.
Малиновская ханым әділқазылар алқасында отырды және қойылымға риза болғандай көрінді. Алайда бұған сенімді болу қиын.
Ақыр соңында, Атырау қаласының бурлеск ханшайымы таңдалғаннан кейін, Малиновская шеберлік-класын көрсеткісі келді. Міне, осы жерде нағыз думан басталды. Аз уақыт қойылымының ішінде ол өзін сүйіктісі тастап кеткен мықты әйел ретінде, күлкілі жас қыз, жымысқы азғырушы рөлінде де көрсете алды. Залға жиналғандар таң-тамаша болды. Биінің соңында Валерия ойнақылықпен еденге құлады. Барын салғаны көрініп-ақ тұр. Қалай дегенмен, өнердің аты - өнер.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суреттерді түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА