Атырау, 10 желтоқсан 00:51
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

«Сәтті балалық шақтағы» сиқыршы перизаттар

4 666 просмотра

Наурыздың аяғында «Бота» қорының қолдауымен «Жастар жетістігі» қоғамдық орталығы жүзеге асырған «Сәтті балалық шақ» жобасы аяқталды.

Екі жыл бойына орталық мамандары алдымен «Ақ бота» балалар үйінде, ал ол жабылғаннан кейін №1 интернатта балаларды мектепке дайындады(«АЖ» №21, 26.05.11 жыл, «Бақытсыз балалықты бақытты етер тәрбиешілер қайда жүр?» және «АЖ» №8, 21.02.13 жыл, «Бәтима, Люба, Нурик және басқалар» жарияланымдарын қараңыз).  Осы уақыт ішінде авторлық жоба балалар үшін ғана емес, АМУ еріктілері мен бұған қосылған басқа жастар үшін де мектепке айналды. Солардың бірі болашақ жарнамалаушы және суретші-декоратор - Виталия ЗАЙНУЛЛИНА (суретте). Ол балалармен жазғы каникул кезінде жоқтан бар жасап, әдемі картиналарды қалай жасауға болатындығы туралы үлкен құпиясымен бөлісті. Пенопласт, жарма, ермексаз, картон қағаз, жалпы қолға түскен нәрсенің бәрі кәдеге жарап қалады. Енді әр қатысушының өзінің қомақты жұмыс портфолиосында полимерден жасалған нақышты өрнектер, гуашьпен және акварельмен салынған картиналар бар. Әр баланың мінез-құлқын білдіретін керемет фотосуреттер де оның қолынан шыққан туындылар. Балалар үшін Виталия «сенің де қолыңнан осындай сурет салу келеді» деп айтатын таныс сиқыршы перизатқа айналды. Ол сиқырлы таяқшасын сермеген жоқ, бірақ қылқалам пайдалануға үйретті. Сиқырлық үшін осының өзі жеткілікті болды. Қыздың мойындауынша, ол да көп нәрсені үйренген. Егер дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы мекемеден интернатқа ауыстырылған балалармен тіл табыса алған болса, демек, енді қай жерде болса да сабақ бере алады деген сөз.

- Интернаттағы балалардың көпшілігінде айқын қабілет бар. Сурет мұғалімінің Луизаға, Аружанға, Аслан мен Никитаға сәл көбірек назар аударғаны сол еді, олар көп нәрсеге қол жеткізе алды. Аружан мен Никитаның кеңістік дүниетанымы мен қиялы жақсы дамыған, - дейді сеніммен Виталия.

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің аға оқытушысы Нұрсұлу ИМАНҒАЛИЕВА жобаны өз студенттері үшін керемет тәжірибе деп есептейді.

- Бүгінде психологтар барлық салада: мектепте де, емдеу мекемелерінде де, өндірісте де сұранысқа ие. Мамандарға қойылатын талаптар да жоғарылап барады. Әсіресе, балалармен жұмыс жасайтындардың жауапкершіліктері жоғары. Осы жоба аясында студенттердің тәжірибе жүзінде жоғарғы оқу орындарында алған білімдерін қолдануға, өз тәжірибелерін жасап, күнделік жазуға мүмкіндіктері бар. Әсіресе, бұл білімдері өздерінен кіші бауырлары жоқ және бұрын «балалар психологиясы» түсінігі оқулықтағы термин ғана болып келген студенттер үшін өте пайдалы, - деп әңгімелейді ол.

Студенттердің ішіндегі ең тәжірибелі ерікті студент - Марта ТАСҚАЛИЕВА. Басқалардан ерекшелігі - онда белгілі бір сағатта келетін уақыт жоқ. Ол балаларға қолы қалт еткен кезде шауып келе қояды. Жоба мамандарына, тәрбиешілерге көмектеседі, жай ғана балалармен араласады. Осы уақыт ішінде ол әзір диплом алмағанына қарамастан, нағыз психологқа айналған.

- Егер Мартаға жұмыс керек болса, мен оны қуана қабылдаймын, – дейді еріктінің еңбексүйгіштігін бағалаған №1 интернат директоры Сәния МУСИЕВА.

Соңғы сабақ аяғында көп нәрсені үйреніп, енді мектепке баруға дайын екендігінің белгісі ретінде балаларды партаға отырғызыпты. Жоба аяқталғанмен, сабақ жалғасатын болады.Мектепке дейінгі оқыту жөніндегі маман Наталья ЕРМОЛЬЧЕВА балаларды тастамай, сабақты жалғастыруды ұйғарды. Бұған Марта көмектесетін болады. Балалар бұл әрекетті бағалауға өте кішкентай шығар, бірақ бұл - біздің бәрімізге ғибрат аларлық өнеге. Өмірде қашан да мейірімділікке орын бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.