Атырау, 27 желтоқсан 00:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бәтима, Люба, Нурик және басқалар

4 324 просмотра

«Жастар жетістігі» білім беру орталығының «Сәтті балалық шақ» жобасының екінші кезеңі аяқталып қалды. Екі жылдан бері орталықтағы команда интернат мекемелеріндегі сәбилерді мектепке дайындауда.

ОЛАРДЫ ЕНДІ ТАНЫМАЙСЫҢ

Бұл бағдарлама 2011 жылы «Ақбота» балалар үйінің қабырғасында басталған еді. Ол жерде мектепке дейінгі жастағы балалар көп болатын («АЖ», №21, 26.05.2011 жыл, «Бақытсыз балалықты бақытты етер тәрбиешілер қайда жүр?»). Сол кезде балалар үйінің жабылатындығы, ал балалардың №1 мектеп-интернатына ауысатындығы белгілі болып, Орталық мамандары интернатқа да аяқ басып, педагогтар мен психологтарды оқытуды жүзеге асыра бастаған еді.

Жоба жетекшісі Наталья СТРУНЯШЕВАөз қамқорлығындағылардың жетістіктері туралы мақтанышпен әңгімеледі.

Кішкентай Бәтима – бала кезінен мүгедек, ұзақ уақыт бойына әлсіз болып, тіпті орындыққа отыра алмай, құлап қала беретін болған. Ал қазір оны тани алмайсың: зал ішінде әрлі-берлі ширақ қозғалып жүр, біресе оған өзінің орындығы ұнамай, басқасын – қызғылт түстісін таңдап алды. Содан соң аппликация жасау үшін достарына пішіндер қиып беруге көмектесті. Бірде өз үстелін жинастырып, оны сулықпен сүртті. Пысық қызға қарап отырып, оның денсаулығында кінәрат бар деп мүлдем ойламайсың. Тек сұхбаттасушысына тіке қарамай, сәл ғана басқа жаққа қарап тұратын көзі ғана болмаса. Бәтиманың құрбысы Любаның ата-анасы – Махамбет ауданындағы қосалқы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері. Мамандардың қызға ата-аналарының сырқаты тұқым қуалап дарыған жоқ па деген қауіптері болған еді. Алайда еті тірі сәби өзіне үйреткен нәрсенің бәрін қағып алады. Үлкендердің айтқан тақпақтары мен жаңылтпаштарын қайталап, қызығушылықпен айтады. Осы және басқа да балаларды оқуға қызықтыру ғана емес, партаға отырғызудың өзі оңай болмады: бұлардың көпшілігі аса күшті белсенді балалар. Сабақ үстінде ұзақ уақытқа олардың зейіндерін аудару қиынға соқты. Мектепке дейінгі дайындық бойынша сабақтар өткізетін Наталья ЕРМОЛЬЧЕВА жол тауыпты. Сабақтарды белсенді және салмақты балалардан тұратын шағын топтармен өткізе бастаған. Бұл тәсіл жемісін беруде.

Бәрі Нурик деп атайтын алты жасар Нұрсұлтан бұрын тек ойынға көп көңіл бөлетін, енді өзіне анағұрлым маңызды тапсырмалар беруді - әлдене жазуды немесе әнді жаттатуды өтінеді.

Бағдарлама бойынша педагог олармен аптасына екі сағат айналысуы тиіс. Ал іс жүзінде Наталья өзінің бүкіл бос уақытын интернатта өткізеді және жоба аяқталғаннан кейін балаларды тастап кеткісі келмейді. Енді олармен өз бастамасы бойынша сабақтарды жалғастыру ойында бар.

БАСТЫСЫ - ДАЙЫНДЫҚ

Бірінші кезеңнен кейін бүкіл артықшылықтар мен кемшіліктер сарапқа салынып, жоба мектепке дейінгі білім беру педагогтары мен ЕДК (емдеу-дене шынықтыру кешені) жаттықтырушыларымен толысты. Бұрын балалармен тек психолог және педагог қана айналысатын.

- Сабақ процесінде үйде тәрбиеленетін сәбилердің ойын кезінде, ертегі оқу кезінде білетін көптеген нәрселерін бұл балалардың білмейтіндігі анықталды. Сол кезде жобаға оқытушыларды кірістіру ұйғарылды. Мәселен, балаларға көжек секілді секіру керек болса, олар секіру білмейтін боп шығады. Осылайша бізде ЕДК нұсқаушысы пайда болды, - деп әңгімелейді Н. Струняшева.

Қазір №1 интернатта 121 бала бар, соның ішінде 15-і - мектепке дейінгі бүлдіршіндер. Саны үнемі өзгеріп отырады: біреулерін асырап алады немесе қамқорлыққа алады, біреулері керісінше, тағдырдың жазуымен интернатқа келіп түседі.

Жақында бізден мектепке дейінгі дайындықтан өткен қыз бала шықты. Оны колониядан жазасын өтеп шыққан анасы алып кетті. Екі ұл бала жаңа ата-аналарына баруға дайындалып жүр. Бұл өте сирек жағдай. Әдетте, бір сәбиді асырап алады ғой. Ал бұлар ағалы-інілі туған бауырлар, оларды айыруға болмайды, - деп әңгімелейді №1 мектеп-интернат директоры Сәния МУСИЕВА. – Бірақ балаларды кері қайтарып жататын да жағдайлар болады. Туған балалары бар бір отбасы қыз баланы қамқорлыққа алып еді, бірақ балалар ортақ тіл таба алмай, қыз кері қайтып келді.

Балалардың кімнің кінәсінен сыйыспағанын енді түсіне алмайсың. Бірақ интернаттағы балаларды өмірге анағұрлым қабілетті, ашық, жаңа тағдырына дайын болуға үйрету үшін осы жобалар қажет-ақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.