«Ақ бота» балалар үйінің тәрбиеленушілері осы жылдың басынан тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша бірінші сыныпқа түсуге дайындықты бастаған болатын. Жалпыға бірдей қабылданған бағдарламадан басқа оларда апта сайын тағы да үш сабақ жүргізіледі. Олар қандай жетістіктерге қол жеткізді, қандай проблемалармен бетпе-бет келуге тура келді, міне, осы мәселелерді мұғалімдер өткен жұма күні талқыға салды.
«Сәтті балалық шақ» деп аталатын жобаны жүзеге асырумен «Жастар жетістігі» атты білім беру орталығы айналысты. Бағдарлама 4-7 жастағы балаларды тек мектеп дайындығына ғана емес, қоғамдағы әлеуметтенуге де бағытталған. «Ақбота» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өз мектептері бар басқа интернат мекемелерінен айырмашылығы сол, олар өз мекемелеріне жақын маңда орналасқан №9 мектептің қарапайым сыныптарында оқиды. Бұл бір жағынан алып қарағанда, жақсы. Балалардың қарым-қатынас ортасы шектеулі болмайды, енді бір жағынан алып қарар болсақ, үйдегі балалармен бәсекелес болу қиындық туғызады.
Кездесуде алдымен «Жастар жетістігі» білім беру орталығының жоба үйлестірушісі Кристина ШИЛЬМАНбалалардың 4 ай бойы немен айналысқандарын әңгімеледі. Олар оқып, жазып үйренді, ой-саналарын жетілдірді, түрлі саяхаттарға шықты, өсімдіктер отырғызды. Бірақ, алдымен тәрбиешілердің өздері, балалар үйінің психологі және №9 мектептің мұғалімдері мен психолоргі өздерінің білімін жетілдіру мақсатында арнаулы білім беру курстарынан өтті. Бұдан басқа, олармен бірге логопед жұмыс жасады.
«Жетімдердің алғашқы бейімделу нүктесі сәбилер үйі, мектеп, еріктілер болуы керек. Алайда, ондай мекемелердің жұмыстары асыраушыларын бейқам қалыпта тәрбиелеуге бағытталған,-деді К.Шильман. – Балалар үйінде өз мойынына жауапкершілік алу мүмкіндігі шектеулі. Соның нәтижесінде оларда білімге деген ынта, өздігімен білім алуға деген ұмтылушылық жоқ. Сол себептен біз балалар үйінен өз бетінше өмір сүруге дайын емес адамдар шығарамыз».
Орталық қызметкерлерінің пікірінше, балалар үйінде бағдарламаның жүзеге асырылуына мүдделі, білікті кадрлар жетіспейді екен. Бастысы, баланың тірі және денінің сау, тамағының тоқ, киімінің көк болғаны, ал, басқасы тәрибиешінің міндетіне кірмейді. Балалар үйінде балалардың бейімделіп кетуіне когнитивті даму барысындағы артта қалушылық- сөздік қордың шектеулі болуы және түрлі мамандықтарды және оған тым жақындарын да түсінбеу кедергі келтіреді. Тәрбиеші мен мұғалім не істейді деген сауалға, бала «мені киіндіреді» немесе «ұрсады» деп жауап бере алады. Балалар көбіне өз денсаулықтары туралы хабардар етілмеген, салғырт, үлкендермен және өз қатарларымен байланыс орната алмайды. Балалар үйінде логопед, дефектолог мамандары жоқ.
«Біз, шынында да, балаларды үнемі қамқорлыққа алуға тырысып, оларды еріксіз көптеген нәрселерден қақпайлап отырамыз, олар үшін бәрін тәрбиешілер мен жоғары сыныптағы тәрбиеленушілер жасайды. Білікті кадрлар жетіспейді дегенмен келіспеймін. Біздің тәрбиешілеріміз бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасайды, ал, басқа қалғандары олар үшін қосымша жұмыс болып табылады. Алайда, қыркүйек айына қарай біз жоспарымызды қайта қарайтын боламыз,-дейді «Ақ бота» балалар үйінің директоры Гүлсара БОТАТАЕВА. Логопедтер балалар үйінің штаттық кестесіне енбейді және бұл мәселені білім беру министрлігінде қарауға күш салу керек. Балалар үйінде әлеуметтік педагогтар бар, бірақ, олар өздерінің тікелей міндеттерімен айналысып отырған жоқ. Тәрбиеленушілердің құжаттарын реттеу секілді қағазбастылық жұмыстарды атқаруда.
Қатысушылар балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне деген біржақты көзқарас туралы айтты. Бір жағынан алып қарағанда, демеушілер оларға материалдық жағынан көмектесуге тырысады. Ал, соңғы уақыттарда балалардың ойын-сауық орындарында уақыттарын өткізу үшін төлеу сәнге айналды. Бір жағынан- қоғам мұндай мекеме тәрбиеленушілерінен жақсы нәрселер күте қоймайды. Егер, балалар үйінің тәрбиеленушісі психикалық даму кемістігі бар балаларға арналған сыныпта оқыған болса, оған еш таңдана қоймайды. Бұл жолы балалар үйіндегі бір ер балаға қатысты жағдай талқыланды. Баланың ақыл-ой дамуының кемістігі жоқ, бірақ оның тәртібі нашар. Бұл жағдайда кейбір педагогтар бұл мұғалімнің баламен кезінде дұрыс жұмыс жасамай, оны арнаулы сыныпқа әкелуінен дегенге сенімді болса, ал, енді бірі басқа балалардың құқықтары туралы ойлануға шақырады. Ол бала өзінің әрекетімен басқа балалардың сабақ оқуына кедергі келтіреді.
«Біз балаларымызға көмек көрсетудің басқа бір жолын табу керек. Оларда қоғамға деген тұтынушылық қарым-қатынастың қалыптасуына күш салу қажет. Олар үйден шыға өздері үйренген нәрсенің бәрінен айырылады. Әдепсіз іс-тәжірибеден бойды аулақ салу керек. Психикалық даму кемістігі бар балалар оқитын сыныптағы балалардың жолы тұйыққа тіреледі. Әсіресе, оның қауіптілігі сол- олардың өздері де өздеріне айналасындағылар секілді қарай бастайды. Олардан барынша жауапты болуды талап етсең, олар: «Сіз менен нені талап етесіз, апай, мен психикалық даму кемістігі бар сыныптың оқушысымын» деп жауап береді,-дейді Гүлсара Ботатаева.
Педагогтар балаларды ерте бастан дамыту бағдарламасы балалар үйіне керек деген пікірмен келісті. Осыған орай балалар үйінің тәрбиеленушілері және бастауыш сынып мұғалімдері бір-бірімен тұрақты байланыста жұмыс жасауы қажет. Және психокоррекциялық және логопедтік көмек туралы ұмытпауы керек. Қазірдің өзінде бұл балалар өздеріне деген ықыласты сезінсе, болашақта оларға қатысты жағымсыз мәселелер азаяды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА