Атырау, 28 қараша 16:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Жылы» аялдамаларда бейнебақылау жүйесі жұмыс істемейді және олардың бәрі жылы емес

898 просмотра

Төрт жыл бойы қала билігі бейнебақылау жүйесінің жұмысын ақыры реттемеді, сол себепті камералар шын мәнінде муляж болып тұр.

Жалпы, Атырауда соңғы кезде болған аяз облыс орталығындағы «жылы» аялдамалардың пайдасыз екенін көрсетті. Тұрғындар аялдама павильондары жабық болғандықтан не көшеде, не жылытылмайтын салқын павильонда автобустарды күтуге мәжбүр болды. Көп ұзамай, қала тұрғындары әлеуметтік желіде өздерінің наразылығын жеткізді.

Еске салсақ, қала әкімдігі 2019 жылдың басында аялдама павильондарының партиясын сатып алған болатын. Олардың кейбірі жартылай жабық типті (шатыры мен орынжай) болды - қыста суықта ашық жерде тұру, ал жазда күннің аптабында тұру төзгісіз болғандықтан, қала тұрғындарының тілектері ескерілген болатын.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, бұл аялдамалар кондиционермен, тегін Wi-Fi желісімен, орындықтармен, сондай-ақ полицияның жедел басқару орталығына көрінетін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді. Қағаз жүзінде бәрі керемет көрінді, бірақ сол жылдың аяғында вандалдар павильондарды «мекендеп», орындықтарды сындырып, терезелерді қирата бастағандықтан, аялдамаларды түнде жауып тастайтын болды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде Атырауда әрқайсысы 14,3 млн теңгеге (барлығы 314,6 млн) сатып алынған 22 «жылы» аялдама бар. Олардың алтауы «ЦентрСтройМатериалы» ЖШС сенімгерлік басқаруында, олар тазалық пен тәртіпке де жауапты. Қалғаны – әкімдік балансында, тазалау «Арнаулы автобаза» жұмысшыларының мойнында. Таңертең аялдама павильондары сағат 6:00-де ашылып, 21:00-де жабылады, WhatsApp-та арнайы құрылған топта фотоесеп жіберіледі.

«Жылытатын жабдықтардың тұрып қалуына вандализм себеп болды», - деп жазады әкімдік. «АЖ» сауалына жауап дайындау кезінде басқару қалқандарын талан-таражға салған бұзақылар істен шығарған екі аялдамада (Амандосов көшесінің бойында және «Дина» базарының маңында) жылуды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, биліктің осы жылдар бойы бейнебақылау жүйесін жетілдіре алмағаны белгілі болды. Шенеуніктердің айтуынша, камералар жұмыс істейді, бірақ олар желілік нүктелердің жоқтығынан полиция департаментінің бағдарламалық жасақтамасымен біріктірілмеген. Қарапайым тілмен айтқанда, камера кескіндерді жібере алмайды.

Сондықтан «бүгінде камераларды бірыңғай деректер базасына енгізіп, «Арнаулы автобаза» ЖШС ғимаратындағы мониторларға шығару жұмыстары жүргізілуде», - делінген қалалық әкімдіктің жауабында. Бұдан не шығады - кейінірек тексереміз.

Сондай-ақ, әкімдік биыл «Насиха» және «Светлана», Сәтпаев көшесіндегі Абай алаңына және Академияға жабық типтегі тағы алты аялдаманы орнату жоспарланып отырғанын хабарлады.

Лев ГУЗИКОВ

30 қаңтар 2023, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.