Атырау, 23 қараша 02:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жас суретшілер табиғатқа шығады

4 735 просмотра

ТШО өзінің 20 жылдығын тойлау шеңберінде Жылыой ауданындағы мектеп оқушыларының арасында балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды.

Байқау «Теңіз тарихы – біздің тарихымыз» және «Мұнайлы өлке – кең Жылыой» деген негізгі тақырыпқа арналды.

Оған екі жас санаттары бойынша: 10-13 жастағы және 14-17 жастағы балалар қатысты. Аудандық байқаудың мәрелік кезеңіне ауданның жиырмадан астам жас суретшілерінің 38 жұмысы таңдалып алынды.

Біздің конкурстың мақсаты балалардың шығармашылық талпыныстарына қолдау көрсету боп табылады, - дейді ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ. – Шығармашылық ізденіс, кең ауқымды ойлау, көзге елестету машықтары оларға болашақта аса салмақты міндеттерді шешуге көмектеседі.

10-13 жастағы санат бойынша Құлсары қаласындағы №16 мектептің 6-сынып оқушысы Айзада ЖАНАЕВА Гран-при иегері атанса, 14-17 жас аралығындағы жас санаты бойынша №4 мектептің оқушысы Нұрила МАҚСОТОВА бас жүлдені жеңіп алды.

Екі жеңімпаз да дипломдармен және ноутбуктермен марапатталды. Жылыой мектептерінің 24 оқушысына жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Бұдан басқа, он үздік шығарма-лардың авторлары көктемгі каникул кезінде ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық ұлттық федерациясы ұйымдастырған шығармашылық шеберлік сыныптары мен плэнерге барады.

Жылыойдың жас суретшілері Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген замандастарымен бірге Қазақстанның танымал суретшілерінен бейнелеу шеберлігі бойынша дәрістер алмақ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.