Атырау, 23 қараша 02:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оянды дала

4 850 просмотра

Осындай поэтикалық атаудағы көрме20 наурызда «Тенгри-Арт» заманауи өнер галереясында ашылды.

Даламен рухтанатын, табиғатқа сезімтал, уақыт пен кеңістікке компас пен сағатсыз бейімделе білген көшпелі халық үшін көктем мезгілі тіршілік үшін күресте маңызды мәнге ие болған.

Наурыз мейрамы күн мен түн теңелетін, бұл күні барлық аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, барлық тіршілік атаулы жаңара бастайды деп есептелген.

Бағымызға қарай, бұл тұрғыда ата-бабаларымыздан алшақ кеткен жоқпыз. Суретшілер әлі күнге дейін халық тарихынан, көктемгі көріністер мен самал желден шабыт алады. Бұл туралы көрмеге қойылған Отарбай КЕНДІРДІҢ «Степная мелодия», «Қара шаңырақ», Марат РАХМЕТОВТЫҢ «Торсық», Сағын АБЗАЛОВТЫҢ «Айтыс», Исім АРЫСТАНОВТЫҢ «Кочевка», «Иноходцы», «Борьба», Қамбарбек АМА-НОВТЫҢ «Жәңгірхан мен Махамбет», «Махамбет», Рафаэль СЛЕКЕНОВТІҢ «Наурыз көже», «Арман», Досмұхамед ОРАЗБАЕВТЫҢ «Наурыз» (айтпақшы, бұл барша көрермен назарына ұсынылған жас суретшінің алғашқы жұмысы) картиналарының атауынан білуге болады.

Ұлттық нақыштар қолданбалы өнер шеберлері Кеңес АЙЫПҚАЛИЕВТЫҢ «Қобыз бойтұмар», «Түйе» және «Инсталляция», Нұрсұлтан ҚАЛИЕВТІҢ бірінің үстіне бірі орналасқан асық түріндегі «Ғажайып қобдиша» еңбектерінде де айқын бейнеленген. Ашаршылық нәубетіне арналған Бақтыгерей ТЕЛЕУБАЙДЫҢ еңбегі де жанды тербейді. Азап шеккен әйелдің бейнесі қазақ аналарының жан ауруын суреттейді: оның аяғының астында аштықтан әлсіреген бала бейнеленген. Халықтың жұтқа ұшырағанының белгісі ретінде төңкерілген қазан бұл әсерді күшейте түседі.

Көрме 20 сәуірге дейін жалғасады. Суретшілердің айтуынша, бұл көрме олар үшін дәстүрге құрмет – жұртшылықпен, халықпен көрісудің белгісі. Уақытыңыз болса, суретшілермен көрісуге келіңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.