Атырау, 17 мамыр 09:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Республикалық маңызы бар жолдардан 5 мыңға жуық ақау табылған

807 просмотра

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі аралықта Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 5 мыңға жуық ақау анықтады. Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы ("ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ) барлық анықталған ақаулардың 81% (4 мыңнан астам) жойды, деп хабарлайды "Қазавтожолдың" баспасөз қызметі. 

Мәселен, ақауларды уақытылы жою жұмыстары Р-4 "Астана-Ерейментау-Шідерті", "Щучинск-Зеренді", "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы", "Семей-Қайнар", "Өскемен-Семей" және т.б. күре жолдарда жүргізілді.

Қалған ақауларды биылғы жылдың соңына дейін жою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тікелей жауапты техникалық қадағалау қызметтерінің жұмысын жобаның басынан бастап пайдалануға берілгенге дейін тұрақты негізде тексеріп тұрады. Департамент қызметкерлері, атап айтқанда, сарапшылардың, зертханалық жабдықтардың және техникалық ерекшелікке сәйкес басқа да пункттерді қадағалайды. Биылғы жылдың 11 айында техникалық қадағалау қызметіне салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100 млн. теңгеден асты.

7 қараша 2022, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.