Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

БҰҰ-дан бізге Мәсімов туралы ресми ұсыным түскен жоқ – Бас прокурордың орынбасары

928 просмотра

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімовтің ұсталуына байланысты БҰҰ-ның мәлімдеме жариялауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріккен ұлттар ұйымы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жарияланғаны хабарланды. Бас прокуратура бұл мәселе бойынша не дейді ?», - деп сұрады журналист Сенат кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары ондай мәліметті әлеуметтік желіден көргенімен, органға ресми ұсыным келмегенін атап өтті.

«Мен оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ жұмыс ұсынымдарын әлі көрген жоқпын. Біздің Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс істейміз. Сол ұсыным бойынша кейін шешім қабылданады», - деді Әсет Шындалиев.

3 қараша 2022, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.