Атырау, 21 ақпан 04:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Шахтадағы төтенше жағдай: қаза тапқандар саны артты

1 007 рет қаралды

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, шахтада зардап шеккендердің жағдайы айтылды. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бастапқыда жарақат алған кеншілер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген.

"Алдын ала диагноз - метаннан улану, зардап шеккендердің екеуі Х.Ж.Токсикология бөліміне жатқызылды.
Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған санитарлық авиация бригадасы медициналық мекемеге кеңес беру үшін келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, оқиға орнында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, қала басшысы, серіктестік басшылығы жүргені белгілі болды. Жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шыққаны хабарланған болатын. Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты.

3 қараша 2022, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.