Атырау, 22 желтоқсан 14:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қытай танымал тұлғаларға тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға тыйым салды

741 рет қаралды

Қытайда танымал тұлғаларға әлеуметтік желілерде, теледидарда және сұхбаттарда бірқатар тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға тыйым салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Forbes мәліметінше, тыйым медициналық және білім беру қызметтерін, сондай-ақ жеке репетиторлық қызметтерді, пайдалы тағамдарды, темекі өнімдерін және медициналық жабдықтарды қамтиды. Қытай реттеушілері жарнаманың «қоғамдық мораль мен дәстүрлі ізгіліктерге», ал танымал адамдар «негізгі социалистік құндылықтарға» сәйкес келуі керек деп түсіндірді.

Жаңа ережелер танымал тұлғалардың денсаулығына, байлығын басқаруға және несиелік өнімдерге қатысты жаңылыстыратын жарнамасына қатысты жанжалдар мен қоғамдық наразылықтардан кейін пайда болған.

2 қараша 2022, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.