Атырау, 22 желтоқсан 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарасуда автокөлік пен пойыз соқтығысты: 6 адам қаза болды

825 рет қаралды

Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қарашада сағат 08.55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
1 қараша 2022, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.