Атырау, 4 қазан 02:34
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ақтөбедегі қос кісі өлімі: күдікпен 13 адам ұсталды, ішінде түнгі клуб директоры да бар

2 355 просмотра

Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды, арасында оқиға орын алған түнгі клубтың директоры да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті 26 қазанда Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Осы қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, соттың қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды.

"Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды", - делінген полиция дерегінде.

Бұл клубтың лиценциясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына тексеріледі. Қылмыстық істің тергелу барысы туралы ақпарат қоғамға қадағалау органымен келісім бойынша ұсынылатын болады", - деп қосты полиция.

Еске салайық, 26 қазанда Елек өзенінің жағасында, Нокина көшесінің бойындағы "Оазис" монша кешенінен алыс емес жерде зорлықпен өлім белгілері бар екі ер адамның мәйіті табылған. Кейін кейбір Telegram арналарында бір топ жігіттің екі жігітті аяусыз соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды. Видеолардың бірінде қылмыс Ақтөбеде, ойын-сауық мекемелерінің бірінде болғаны туралы айтылады.

31 қазан 2022, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.