Атырау, 4 қазан 04:28
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус апатқа ұшырады

1 297 просмотра

Ресейдің Челябинск облысында қазақстандық вахташылар мінген автобус аударылды. Оқиғаның мән-жайын жергілікті полиция қызметкерлері анықтап жатыр, деп жазды МВД МЕДИА порталы.

Жол апаты жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 6-да Кунашак ауданы аумағында Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-ші шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша жүргізуші жауған қардың кесірінен тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылған.

13 жолаушы Челябинск, Кунашак және Касли аудандарындағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Айта кетері, Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобуста барлығы 22 жолаушы болған.

31 қазан 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.