Атырау, 4 қазан 04:24
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Хэллоуин мерекесінде қаза болған Мәдина Шерниязова Сеулде магистратурада оқып жүрген

1 225 просмотра
Сеулдегі Хэллоуин меркесі кезінде қаза болған Мәдина Шерниязова. Суреті инстаграм парақшасынан алынды

29 қазанда Хэллоуин мерекесі кезінде қаза болған Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәдина Шерниязова Сеулдегі жоғары оқу орындарының бірінің магистратурасында оқып жүрген, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Анасы Гүлбану Шерниязованың Азаттық тілшісіне айтуына қарағанда, Мәдина Хэллоуин мерекесіне бара жатып, әпкесіне видеобайланыспен хабарласқан. Достарымен бірге екенін, мерекелік көңіл-күйлерін көрсеткен.

26 жастағы Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. Татарстан астанасы Қазан федералды университетінің шығыстану факультетін корей тілі бойынша бітіріп, Сеул қаласындағы жоғары оқу орындардың біріне магистратураға түскен.

№27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева Мәдина Шерниязованы бала кезінен тіл үйренуге бейім болды деп сипаттайды.

- Мектебіміздің 2013 жылғы түлегі еді. Өте жақсы оқыды, тіл үйренуге бейім болды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпты бітірді. Сонан соң Қазан университетіне түсті,- дейді ол.

Мәдинаның анасы Гүлбану Шерниязваның сөсзінше, Мәдина отбасындағы екі қыздың кішісі екенін, сегізінші сыныптан корей тілін оқыған.

- Күйеуім Бейбіт Сеулге арнайы рейспен ұшу үшін Алматыға кетті. Ертең қызымыздың денесін Ақтөбеге жеткізіп қалар деп үміттеніп отырмыз. Қазақстаның Оңтүстік Кореядағы елшілігі хабарласып, көмектесуге уәде берді,- дейді Гүлбану Шерниязова.

Сеулдегі Хэллоуин кезінде Ақтөбе облысында туған 1996 жылғы Қазақстан азаматы да қаза болғанын кеше Қазақстан сыртқы істер министрлігі Телеграм-арнасында хабарлаған.

"Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр" деп жазылған хабарламада. Қазақстан СІМ-іне ақпаратты Сеул полициясының жедел штабы хабар берген. Бұған дейін оқиғадан қаза болған 151 адамның 19-ы шетелдік екені хабарланған еді.

Хэллоуинді тойлау Гамильтон қонақ үйі маңындағы тар көшелердің бірінде болған. Адамдардың сығылысып, бір-бірін таптап кетуіне не түрткі болғаны белгісіз.

Ауданға шамамен 100 мың адам жиналған деп айтылады. Басым бөлігі 20-25-тегі жастар.

31 қазан 2022, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.