Атырау, 21 желтоқсан 17:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теміржол билеттері 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

1 773 рет қаралды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жоғарғы және төменгі орындарға төлемақының сараланған жүйесін сынақтар өткізіп көреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚТЖ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Пилоттық жоба 1 желтоқсанда басталды. Соның аясында 28 ақпанға дейін коммерциялық пойыздарда жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсіл қолданылады. Оған сәйкес, жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% болады.

"Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады", - дейді компания мамандары.

Сараланған тәсіл қолданылатын бағыттар:

111/112 "Алматы – Маңғыстау";

51/52 "Алматы – Орал";

105/106 "Алматы-Петропавл";

71/72 "Астана-Шымкент";

29/30 "Алматы-Атырау".

27 қазан 2022, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.