Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Полиция Рамиль Мухоряповке қатысты жағдайды тексеріп жатыр – Бас прокуратура

881 просмотра

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Сенат отырысының кулуарында қазақстандық қоғамда дау туғызған Рамиль Мухоряповтың әрекеті тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазір Алматы қалалық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптама белгіленді. Соның нәтижесі бойынша баға беріледі», - деді Шындалиев.

Бас прокукрордың орынбасары Бас прокуратураға арыз-шағымдар келіп түсуі мүмкін екенін айтты. Алайда оны өзі көрмегенін айтты.

Айта кетейік, жуырда Chocofamily Holding компаниясының иесі Рамиль Мухоряпов Ресейден Қазақстанға көшіп келгендермен кездесу барысында қазақ тілінде жауа қату мәдениетсіздік екенін айтып, көпшіліктің ашуын туғызған еді. Оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар арызданған болатын.

27 қазан 2022, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.