Атырау, 19 мамыр 21:57
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы заң қабылданды

645 просмотра

ҚР Парламенті сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында "Рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңын қабылдады, соған сәйкес қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі жазадан босатылады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенаттың жауапты комитетінің қорытындысында көрсетілгендей, Заң жобасына депутаттар бастамашылық жасады және ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды орындау үшін әзірленді.

Заң жобасының мақсаты – 2022 жылғы 4 – 7 қаңтар аралығындағы кезеңде тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы біржолғы ізгілік актісі.

Заң жобасының негізгі міндеті – 2022 жылғы 4 – 7 қаңтар аралығындағы кезеңде арандатушылардың ықпалына түскен және жаппай тәртіпсіздіктер жағдайында қылмыстық іс-әрекеттер жасаған адамдарды, сондай-ақ қаңтар оқиғалары уақытында құқыққа қарсы іс-әрекеттің жолын кесу кезінде қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді жазалау мерзімін қысқарту және жазаны өтеуден босату.

Заң жобасы ізгілік актісінің қолданылуына жататын Қылмыстық кодекс баптарының тізбесін, рақымшылықты қолдану шарттары мен тәртібін қарастырады, сондай-ақ босатылған адамдарды орналастыру, жұмысқа тұрғызу, оларға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін бекітеді.

Құжат қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қылмыстық істерді тоқтатуды, осындай іс-әрекеттер бойынша сотталғандарды жазадан босатуды, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтегендерден сотталғандығын алып тастауды көздейді

Террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, азаптаулар жасаған, қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруды, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған рақымшылыққа жатпайды.Сенат

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Сенаторлардың сөзінше, тұтастай алғанда, жобаны қабылдау еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсерін тигізеді.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жариялады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жалпы 1,5 мыңға жуық адам рақымшылықа ілігетінін хабарлады.

27 қазан 2022, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.