Атырау, 9 қыркүйек 23:43
 дождьВ Атырау +18.9
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев несиесі бар екенін айтты

1 099 рет қаралды

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінде несиесі бар екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс кулуарында Жамаубаев банктерге қанша теңге қарыз екенін айтпады. 

"Бұл – банк құпиясы. Бірақ ипотека бар. Министрлер де ипотека алады, біз де адамбыз ғой", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов балаларының Қазақстанда білім алатынын айтқан еді. 

"Әрине, елдегі білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім артамыз. Жеке өзім және отбасым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алдым. Балаларым қазір Астанада мемлекеттік мектепте білім алып жатыр", - деді Үкімет басшысы тілшілерге берген сұхбатында.

26 қазан 2022, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.