Атырау, 4 қазан 04:29
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

WhatsApp жұмысында жаһандық ақау байқалды

825 просмотра

Бүгін WhatsApp қолданушылары желіге кіру, хабарлама жіберу және файлдарды ашу кезінде проблемаға кезікті. Әлеуметтік желі ақаумен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Downdetector сервисінің мәліметінше, Астана уақытымен 13:30-дағы жағдай бойынша 847 қолданушы қолданбадағы ақауларға шағымданған.

Сәтсіздік Қазақстан мен Ресейде байқалды.

21 қазанда қазақстандықтар Telegram мессенджеріндегі ақауға шағымданған. Одан кейін шағымдардың басым бөлігі Алматы, Астана және Қарағанды облыстарынан түскен.

Айта кету керек, бұл желі Түркияда да жұмыс істемей тұр.

Downdetector платформасының мәліметі бойынша, Грузия, Израиль, Оман, Уганда, Палестина және т.б. пайдаланушылар да ақаулар туралы хабарлайды.

25 қазан 2022, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.