Атырау, 23 қараша 02:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Премьераға асығыңыз!

2 160 просмотра

Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының репертуары “«Made in Mahabbat» немесе ғашығыңа жолық” деген жаңа спектакльмен толықты.

Оқиға басы Жан есімді жас жігіттің үйінде өрбиді. Оның жұбайымен ажырасқанына көп болған жоқ. Өз күйзелістің ортасында жүр. Оның сол сәтсіз күндеріне студент достары Аян мен Мирас тап келеді. Оптимист, даурықпа мінезді Абай мен Мирас Жанның жанын жадыратпақ болып, су сепкендей басылған көңілін қайта көтеруге тырысып бағады. Жастар аудиториясына арналған бұл пьеса барысында бірқатар трагикомедиялық жайтты бастан кешірген үш жігіт те өмірдің нағыз құндылығын түсіне бастайды.

Қойылым біткен соң біз көрермендер пікірін тыңдап көрдік.

Маннат, 60 жаста:

- Маған жастардың ойнау шеберлігі ұнады.

Балғаным, 54 жаста:

- Маған қойылым идеясы түк ұнамады. Кейбір көріністерде оғаш кеткендігі байқалады. Ал актерлардың ойнауы керемет екен.

Динара, 18 жаста:

- Құрбым екеумізге мүлдем ұнаған жоқ. Көргенсіз тұстары көп. Кейбір көріністерді қарауға ұялып, тысқа шығып кеттік.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.