Атырау, 26 желтоқсан 15:21
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бірінші скрипка

2 173 просмотра

Атыраулық скрипкашы Томирис ТЕМІРҒАЛИЕВА (суретте) жақында Ресейдің Омск қаласында өткен Юрий Янкелевич атындағы ІІІ Халықаралық скрипкашылар байқауында үлкен жетістіктерге жетті. Жас дарын иесі жасы кішілер тобында жеңімпаз атанды.

Байқаудағы бәсекелестік өте қатал болды. Ал үздіктер қатарынан көріну үшін әлемнің 17 елінен 44 скрипкашы өнер көрсеткен. Байқау қатысушыларына әйгілі музыкант, әлемдік деңгейдегі педагог Михаил КОПЕЛЬМАН (Ресей – АҚШ), Борис КУШНИР (Австрия), Элизабета ГАРЕТТИ (Италия), Вера ЦЮ ВЕЙ ЛИН (Қытай) сияқты беделді қазылар алқасы төрелік етті.

13 жасар Томирис бірінші орын және конкурс лауреаты атағын, сондай-ақ, міндетті пьеса – Александровтың «Ариясын» үздік орындағаны үшін Джерси аралында өтетін Владимир СПИВАКОВТЫҢ Қайырымдылық қорының Халықаралық шеберлік кластарына қатысуға сертификат алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.