Құрманғазы ауданындағы Еңбекші орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жантөре ЖАНБОЛАТОВТЫҢ (суретте) бала күнгі арманы әнші болу еді. Ол осы өнерін «Жарқын болашақ» V республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасында дәлелдеп, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша жүлделі 1-ші орынға ие болды.
Оның «Көк тудың желбірегені» әнін тамылжыта орындауы қазылар алқасын бей-жай қалдырмаса керек.
– Жантөренің ән айту қабілеті 3-сыныпта анық байқала бастаған еді, - дейді ұстазы Нұрлыхан МӘДИНОВ.
Ал «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша «Дарын» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Жансая ИГРАШОН болашақ арманын Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінде жүзеге асырғысы келеді екен.
Жалпы, облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, олимпиадаға іріктеу кезінде биыл 70-тен астам оқушыдан сұраныс түскен:
– Әсіресе, Индер, Құрманғазы аудандарының оқушылары басымдылық танытты.
Айтолқын ҚҰЛШАРОВА
Суретті түсірген автор