Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев пен Ердоған Бірлескен мәлімдемеге қол қойды

722 просмотра

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Оны мемлекет басшысы елорда әуежайында күтіп алды. Кейін Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  • ҚР үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

  • ҚР үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Оған қоса Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткізді Алдын-ала бекітілген күн тәртібіне сәйкес, жиында сыртқы саясат және инвестиция саласындағы іс-әрекет, сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика және әскери өндіріс саласындағы ықпалдастық, энергетика саласындағы байланыстар және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық секілді 5 мәселе талқыланды.

Сонымен қатар жиында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны жайлы айтылды.

12 қазан 2022, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.