Атырау, 2 мамыр 13:21
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ауылдарда нәресте өлімі көбейді

845 просмотра

Қазақстан ауылдарында нәресте өлімі артты. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдауға сәйкес, ауыл халқының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетті.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,23 жас, қалаларда – 69,91 жас, ауылдарда – 70,79 жас. Алайда биыл нәресте өлімі былтырғы кезеңмен салыстырғанда ауылдық жерлерде 30,6%-ке ұлғайғаны байқалады", - деді министр.

Бұл ретте ауылда бала өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ке төмен.

Ғиният сәби өлімі аналардың денсаулығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдерді жеке және дисциплинааралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту ұлғайды, көрсеткіш 82%-ті құрап отыр.

Жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 10 аптаға дейін 11%-ке өсіп, 40%-ке жетті. Бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақтылы анықтауға және болжауға мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде ауылда 7,8 млн адам тұрады, бұл ел халқының 41%-і.

Ауыл халқының 38 %-і – балалар, 62%-і – ересектер. Бала туу жасындағы әйелдер саны 1,7 миллионнан асады.

10 қазан 2022, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.