Атырау, 3 қараша 17:54
 дождьВ Атырау +15.2
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

1 239 рет қаралды

"Дикий Арман" лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Sputnik Алматы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты",- делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.
Содан бері Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
6 қазан 2022, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.