Атырау, 25 сәуір 15:51
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тоқаев: Ірі кәсіпорындар талапқа сай келмесе, серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз

691 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қазан күні Қарағанды халқымен кездесуде мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін жіті бақылайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.                            

Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылатынын, салық төлемақысы ерекше бақылауда екенін айтты. Мемлекет басшысы "егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр болатынымызды" баса айтты.

Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол "Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жеткенін" тағы бір мәрте еске салды.

5 қазан 2022, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.