Атырау, 29 наурыз 02:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресей Қазақстан елшісін шақырды

739 просмотра

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Қазақстанның елшісін шақырып, Украина елшісі Петр Врублевскийдің әлі күнге дейін ресми шараларға қатысып жүргенінен қатысты наразылық білдірді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өз ұстанымын жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысы аясында министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистердің алдына шығып, украин елшісіне қатысты түсініктеме берді.

"Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Украинаның елшісін Қазақстаннан шығару туралы түсініктемесіне қатысты оның мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастар сипатына қайшы келетінін атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Украина тарапына, сондай-ақ, жұртшылыққа Рублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі принциптік ұстанымын жеткізген болатын. Сондай-ақ, украин тарапына қазақстандықтардың, әсіресе, этникалық орыстардың сезімдеріне нұқсан келтіретін мәлімдемелері қолайсыздығы туралы айтылған" , - деді Смадияров.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Украина сыртқы істер министрлігінен Астанада жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш келіп түсті.

"Украина тарапымен бізде толық түсіністік бар және екі жақтан барлық келісім орындалды. Украина елшісінің елімізде жағымсыз мәртебесі бар екенін және оның Қазақстан немесе сыртқы істер министрлігінің басқа да ведомстволарында қандай бір кездесулері жоспарланбаған", - деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі.

Бүгін Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин сыртқы істер министрлігіне шақырылады.

5 қазан 2022, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.