Атырау, 25 сәуір 10:49
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжат тапсырды

796 просмотра

Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.

"4 қазанда ОСК-ға Қажыкен Мейрам Зекешұлын "Аманат "Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар одағының Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы құжаттар ұсынылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 28 қыркүйекте "Аманат "Қазақстан кәсіподақтар достастығы" орталық атқару комитеті отырысы өтті. Сол кезде Мейрам Қажыкен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылған.

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, әлеуметтік-экономикалық жүйені, бейімделген экономиканы дамыту және Қазақстан Республикасының Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі тұжырымдамасы жөніндегі кітаптардың авторы. Мейрам Қажыкен Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың көшбасшысы.

4 қазан 2022, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.