Атырау, 24 сәуір 05:57
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісі салынады

826 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңірінде жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Бақты ауылы арқылы Қытайға теміржол желісін тарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғанын, Ресеймен, Қытаймен шектесетінін тілге тиек ете келе, осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану керек екенін айтты. Ол үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек.

Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Оған қоса президент өңірде "құрғақ порт", "логистикалық парк" салып, көлік дәлізін дамыту қажет екенін айтты.

Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ жауапты органдарға аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізу тапсырылды.

30 қыркүйек 2022, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.