Атырау, 9 сәуір 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді

1 364 рет қаралды

Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Sputnik Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жыл сайын 1 қазан – Қарттар күні аталып өтеді.

Биыл мерекеге орай 91 672 зейнеткерге 2,5 АЕК, яғни 7 950 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.

Төлем Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, жасына байланысты зейнетақы алушыларға беріледі.

Айта кетері, төлемдер 3 қазанға дейін төленеді.

30 қыркүйек 2022, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.